Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
Бейнажазбадағы кадрдан үзінді
Қызылордада полиция қызметкеріне оғаш қылық көрсетіп, бейнеге түсірген жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қызметкерлер таңғы 5:30-да тыныштықты бұзған жасөспірімдер жүрген аудандардың біріне барған. Осы құқықбұзушылық үшін жасөспірімдер ұсталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін жазаланды.
«Олардың біріне қатысты билік өкілін қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары да жауапқа тартылды. Барлық материалдар бойынша тиісті шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді өңірдегі полиция департаменті.
Полиция департаменті жасына және лауазымына қарамастан, әрбір азамат үшін заңды сақтау міндетті екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды.
Жаңалықтар
- Астана мен Алматы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды