Қызылордада лицей оқушысының өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады

cover Фото: Envanto

Қызылордада лицей оқушысының өзіне қол салғаны туралы ақпарат шықты. Әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған оқушының оқу орны аумағында өзін-өзі өлтіргені туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Orda.kz

Облыстық полиция департаменті бұл деректі растады, бірақ нақты қай жерде болғанын хабарламады.

«Белгілісі — оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Департамент басшылығы бұл істі өз бақылауына алған», — деп хабарлады баспасөз қызметкері. 


 

 
 
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар