Қызылордада екі бала балконнан құлап кетті

cover Фото: Envato

Үлкендердің қарауынсыз қалған алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттың балконынан құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

«Балалар қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Олардың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ. Шыбын-шіркейден қорғайтын торларға ешқашан сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған» деп хабарлады ТЖМ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар