Қызылордада донор қаны құйылған әйелден ВИЧ анықталды: ДСМ пікір білдірді
Фото: бейнеден кадр
Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылып, бір айдан кейін одан АИТВ (ВИЧ) анықталды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қызылордада 2024 жылдың 22 қыркүйегінде жедел жәрдеммен перинаталдық орталыққа жеткізілген әйел 23 қыркүйекте түнде табиғи жолмен ұл тапқан. Қанның көп кетуіне байланысты оған 12 донордан қан құйылып, ота жасалған. Әйел 16 қазанда үйіне шығарылған.
Бір айдан кейін әйелден АИТВ (ВИЧ) анықталған. Оқиға тіркеліп, денсаулық сақтау министрлігіне хабар берілсе де ешқандай шара қолданылмағаны белгілі.
Сондай-ақ, редакцияда ҚР Бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың атына жіберілген босанған әйелге АИТВ-инфекциясын жұқтыру туралы облыстық перинаталдық орталықтың анықтамасы бар.
Болған жағдайды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсіндірді. Ол қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады», — деді министр Мәжіліс дәлізінде.
Редакция Қызылорда перинаталдық орталығына да сауал жолдады.
Жаңалықтар
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті