Қызылордада 16 жасар оқушы қызды сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген
фото: Рixabay.com
Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, қорқытып, бопсалап, есірткі бергені анықталды. Бұл қылмысқа күдікті қыздың сыныптастары деген болжам бар.
Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоры хабарлады.
Жәбірленушінің анасы оның үйдегі жалғыз бала екенін айтты.
«Ақпан айынан бері кәмелетке толмаған 16 жасар қызымды күштеп ұстап, мазақ етті, ұрып-соғып, қарнына полиэтилен пакетін жапсырып, күйдірді. Бізді және қызымды пышақпен қорқытып, оны жезөкшелікке итермеледі. Бұл іске оны сыныптасы, сыныптасының әпкесі және басқа сыныптасының қатысы бар. Қызым олардың қоқан-лоққысынан қорқып, кейде үйге келіп, кейде қысымға шыдамай қайта үйден кетіп қалып жүрді», — дейді анасы.
Анасының сөзінше, ол болып жатқан жағдай жайлы жеке басының және жақындарының қауіпсіздігі үшін ешкімге тіс жарып айтпапты. Сондай-ақ, қызының үйге түнемей жүргенін мектеп басшылығы мен полиция білген. Зәбір көрген қыздың ата-анасы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Алайда оқушы қыз ләм-мим деп аузын ашпапты. Қызды есірткіге отырғызып, зорлаған, бұған қоса жәбірленушіден ақша бопсалады.
Соңғы рет жәбірленушіден 1 млн теңге көлемінде қаржы беруін талап етіпті. Әйтпегенде, шашын тақырлап, өзін өлтіреміз деп, ал фото мен бейнежазбаны әлеуметтік желіге саламыз деп бопсалапты.
Сыныптастарының ықпалды туыстары бар. Сол себепті айыптылар бассыздыққа тайсалмай-ақ бара береді. Ал қыздың ата-анасы қызының қорлық көргені үшін күдіктілер жазасын алмай кетеді деп қауіптенеді.
Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 134-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.
«Қызылорда полициясы осы факті бойынша күдіктілерді ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда» деп хабарлады өңірдің облыстық департарменті.
Қазір іс бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл іске балалар омбудсмені Динара Закиева да араласты.
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды