Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
Фото: instagram @askarzhumabeqov
Жанжал барысында қызға аяқ көтеріп, теуіп жібермекші болған актер Асқар Жұмабек ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Актерге қатысты айыптаулар, сондай-ақ видео, желіде бір күн бұрын тарады. Кадрларда ер адамның балағат сөздер айтып, модель Айнұр Нұрзиевамен ұрсысып, балағат сөз айтып, тиісіп жатқанын көруге болады.
Қыз оны ұрып-соғуға әрекет жасады деп мәлімдеді. Нәтижесінде іс сотта қаралды.
«Ер адамның агрессивті әрекеті бейнеленген видеоға байланысты Медеу ауданы полиция басқармасы тексеру жүргізді. Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталды. Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Азамат А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оның қызға қатысты қорқыту сипатында әрекет жасап, балағат сөздер айтып, ашық агрессия мен құрметсіздік танытқаны анықталды. Материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды», деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Жанжалдан кейін актер өз парақшасында осы оқиғаға байланысты ойын білдірген болатын. Онда ол қызды ұратындай «жауыз емеспін» деген болатын.
Еске салсақ, 2023 жылы ол төбелеске қатысқаны үшін 6,5 жылға сотталған. Кейін мерзімі қысқарып, айыппұлмен босап шыққан.
Оқи отырыңыз:
- Бұрын сотталған Асқар Жұмабек түсірілімде әріптесіне қол көтермек болған
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Актер Асқар Жұмабек абақтыдан шықты
Жаңалықтар
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты