Қытайлық кәсіпкерді жетісулық алаяқтар сан соқтырып кетті
Фото: Freepik.com
Жетісу облысы Панфилов ауданы Атамекен ауылының екі тұрғынының ұрланған 13 автокөлікті сатып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осы алаяқтық схема арқылы ауылдың екі тұрғыны шамамен 315 миллион теңге пайда тапқан. Полицияның мәліметінше, алғашқы құрбандары Қытай азаматы болған.
«Бұл азаматқа олар алты автокөлікті Грузияға жеткізуге уәде еткен. Үшеуі Jetour және үшеуі Mercedes (C260, C260L және GLE 260) көліктерін алған. Алайда көліктерді иемденіп, Шымкент пен Жамбыл облысында таныстары арқылы сатып жіберген», – деді тәртіп сақшылары.
Кейін олар логистика саласындағы тағы бір кәсіпкерді алдаған. Ол Беларусь еліне көлік жеткізу үшін автотіркегіші бар жүргізушілерді іздеген, бірақ алаяқтарға алданып қалған. Нәтижесінде Range Rover, Mini Cooper SE, үш Li 7 және екі Li 9 көліктерінен айырылды. Бес қытай көлігі Жамбыл облысында, қалған екеуі Алматыда арзан бағамен сатылған.
Қазір екі күдікті де қамауда отыр, іс сотқа берілді.
Айта кетейік, бұған дейін біз алаяқтық жасаған діни қызметкердің ұсталғаны туралы жазған едік.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды