Қытай Зеленскийдің Ресейге қару жеткізу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Фото: Tingshu Wang / Reuters
Қытай СІМ Украина президенті Владимир Зеленскийді Ресейге қару-жарақ жеткізу бойынша айыптауын «негізсіз» деп атады және қақтығысты тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
The Guardian хабарлағандай, 17 сәуірде Украина президенті Қытай Ресейге қару-жарақ, оның ішінде оқ-дәрі мен артиллерия жеткізетінін және Қытай өкілдері Ресей аумағында қару өндіруге қатысатынын мәлімдеген болатын.
Бұған жауап ретінде министрліктің өкілі Линь Цзянь Қытай Украина дағдарысының бірде-бір тарапына кісі өліміне әкелетін қару бермегенін мәлімдеді.
«Украиндық мәселе бойынша Қытайдың ұстанымы әрқашан айқын. Ол оқ ату мен жанжалды тоқтатуды, сондай-ақ бейбіт келіссөздерді белсенді түрде жақтады», - деді Линь.
18 сәуірде Украина қытайлық үш компанияға қарсы санкция енгізіп, оларға Украинада бизнес жүргізуге тыйым салды және олардың елдегі активтерін тоқтатып тастады. Олардың санкциялық тізімге неге қосылғаны туралы толық ақпарат берілмеді.
Бұған дейін АҚШ Қытайды COVID-19-ның шығу тегін жасырды деп айыптаған болатын. 2019 жылдың соңында Уханьда коронавирус табылғаннан бастап, бүкіл әлемде оның салдарынан 106 миллионнан астам Covid-19 оқиғасы тіркелген. Осы диагнозбен 2,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады