Қытай АҚШ-пен сауда келісімі жасалғанын растады
Фото: asiaplustj.info
Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ пен Қытай арасында сауда келісімінің жасалғанын растады. Бұл қадам ауқымды сауда соғысы қаупін кейінге шегерді, деп хабарлайды Orda.kz Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
«ҚХР бақыланатын тауарлардың экспортын мақұлдау жұмыстарын жалғастырады, ал АҚШ Қытайға қарсы қабылданған бірқатар шектеу шараларын жояды» деп жазылған жарияланған мәлімдемеде.
Бұған дейін екі ел арасындағы келісім жасалғанын журналистерге Ақ үйде отырып Дональд Трамптың өзі хабарлаған болатын.
Мамыр айының басында АҚШ пен Қытай «сауда соғысын» тоқтатып, өзара тауарларға салынған кедендік алымдарды үш ай мерзімге төмендетуге келіскен еді. Сол кезде тараптар «тұрақты, ұзақмерзімді және өзара тиімді экономикалық әрі сауда қатынастарының маңыздылығын» мойындаған болатын.
Биылғы 12 сәуірде Ақ үйдің ресми өкілі Каролин Левитт Қытай басшылығын АҚШ-пен сауда соғысының өршуінің салдары туралы ескерткен болатын.
Содан кейін Қытай АҚШ-ты «сауда майданын» диалог арқылы шешуге шақырды.
Биылғы мамыр айында Дональд Трамп ҚХР мен АҚШ арасында табысты келіссөз өткенін хабарлады. Бұл туралы АҚШ президенті әдеттегідей Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Жаңалықтар
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты