«Қырғызстанның жаңа әнұраны»: 1 қазанға дейін парламентке үш нұсқа ұсынылады
Фото: Facebook/ Kyrgyzpresident
Қырғызстанда Жоғарғы кеңес мемлекеттік әнұранның мәтіні мен музыкасының жаңа нұсқасын іріктеуді осы жылдың 1 қазанына дейін ұзартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәдениет министрінің орынбасары Союзбек Надырбеков 1 қазанға дейін парламентке іріктелген үш нұсқаны ұсынатынын атап өтті. Оның айтуынша, бірінші кезең 15 маусымға дейін жалғасады. Ол кезеңде әнұранның жаңа мәтіні таңдалады. Ал екінші кезеңде 1 қыркүйекке дейін осы мәтіннің әуенін шығаруға сайыс жарияланады.
Мәдениет министрлігінің басшысы Мирбек Мәмбеталиевтің мәліметінше, 2025 жылдың 7 ақпанынан 20 наурызына дейін комиссияға 488 азаматтан 703 жоба келіп түскен. Оның ішінде 285 жоба тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қырғызстанда парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы әнұранды өзгерту туралы ойын айтқан еді. Кейінірек бұл пікірді президент те қолдады. Ақпан айында Қырғызстанда жаңа әнұранға байқау жарияланды. Байқауға Қырғызстаннан бөлек, көрші елдің сазгерлері, ақындары, музыканттары қатыса алатыны айтылды.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады