Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді

cover Фото: 24.kg

Қырғызстандық күш иесі 190 тонна болатын 8 вагоннан тұратын құрамды 6,5 метрге сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды  Orda.kz.      

Қырғызстанда күштік экстримде жаңа жетістік тіркелді, атлет Алексей Тепляшин сегіз бос үсті ашық жүк вагонын орнынан жылжытып, рекорд орнатты.

 

Рекорд «Бішкек-1» теміржол станциясының аумағында орнатылды. Спортшы құрамды 6,5 метр қашықтыққа дейін өзінің қара күшімен сүйреді. Вагондардың жалпы салмағы 189 тонна 600 келі, бұл шынымен оңай емес.  

Мұндай жетiстiк тек мықты дене күшiн ғана емес, сондай-ақ дұрыс техниканы, жоғары және ұзақ дайындықты талап етедi.

Алексей Тепляшин бес жылдан астам уақыт бойы күш экстримімен айналысып келеді және осы уақыт ішінде Қырғызстандағы бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол өзінің күштік трюктерімен танымал - шегелерді бүгеді, бұрандаларды сындырады және мықты металл заттарды бұрай салады.

Айта кетерлігі, жарты жыл бұрын спортшы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы салмағы 165 тонна 900 келі болатын жеті вагонды тартқан болатын. Алдағы уақытта ол  тоғыз вагонды жылжытуды жоспарлап отыр.


Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар