Қырғызстанда селден қаза тапқан балалардың денесі Өскеменге жеткізілді
Фото: Gov.kz
Қырғыстанда селден қаза тапқан қазақстандық балалардың денесі анайы ұшақпен Өскеменге жеткізілді.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.
Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз анасымен бірге Ош облысындағы туыстарына қонаққа барған. Туристік аймақта болған сел қазақстандықтардың өмірін қиды. Қаза болғандардың туыстарына көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде жедел штаб құрылып, оның құрамына облыстағы барлық қызметтердің мамандары кірді.
«Облыс әкімі Ермек Көшербаев облыс басшылығы тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетініне сендірді. Балаларды жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуді жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешіті өз мойнына алды. Өңірдегі кәсіпорындар мен кәсіпкерлер де отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді», - деп хабарлады әкімдік.
28 маусымда Ош облысының Ноқат ауданында жаңбыр жауып, селге ұласты. Қырғыз билігі төтенше жағдай жариялады. Табиғат апатынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, оның төртеуі Қазақстан азаматы.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?