Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің жолы кесілді

cover Фото: Kyrgyzstan_online

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қылмыстық топтың ұлтаралық араздықты қоздыруға және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға бағытталған жоспарын әшкерелеп, оның алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Ведомствоның мәліметінше, топ мүшелері жергілікті қақтығыстарды ұйымдастыруды көздеген. Жоспарға сәйкес, бұл әрекеттер жаппай наразылық пен тәртіпсіздікке ұласып, мемлекеттік төңкеріске жол ашуы мүмкін еді.

Жаппай толқуларды тудыру үшін олар әлеуметтік желілерде арнайы бейнеролик таратуға ниеттенген. Онда жартылай жалаңаш, соққыға жығылған жергілікті тұрғын өзін «шетелдік топ» ұрып-соғып, қорлағанын айтып көмек сұрауы тиіс болған. Бұл әрекет жұрт арасында ашу туғызып, қақтығысқа итермелеу үшін жасалуы керек еді.

Бейнежазбада «қылмыскерлер» ретінде Үндістан, Пәкістан және Бангладештен келген мигранттар бейнеленуі керек болған. Олар Қырғызстанда көбіне курьер, құрылысшы сияқты біліктілігі төмен жұмысшы ретінде еңбек етеді немесе білім алады.

Мемлекеттік комитеттің дерегінше, бұл әрекетті жыл басынан бері идеологиялық бағыт берушілердің жетекшілігімен дайындалған топ іске асыруға тырысқан. Қазір топтың бір жетекшісі іздеуде, болжам бойынша ол Біріккен Араб Әмірліктерінде жасырынып жүр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар