Қырғызстанда бірнеше БАҚ экстремист деп танылды

cover Фото: Жасанды интеллект

Қырғызстандық Temirov Live, Kloop және «Айт айт десе» басылымдар экстремист деп айыпталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Kaktus Мediaның хабарлауынша, сот шешімі олардың интернеттегі қызметін іс жүзінде бұғаттайды. Бішкек аудандық соты бұл жобалардың 27 қазан күнгі шешіммен экстремистік тізімге енгізілгенін растады. Прокуратура өтінішті қанағаттандырды.

Тыйым Temirov Live, Kloop және «Айт айт десе» ақпараттық материалдарына ғана емес, сонымен бірге журналистер Болот Темиров пен Ринат Тухватшиннің қызметіне де салынды.

Шешімді Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігіне қарасты байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі өз бақылауында ұстайды.

Мамыр айында «Клооп» журналистерін адвокатсыз ұстаған және тергеген болатын. Полиция жеті адамды ұстады оның үшеуі БАҚ-та әлі күнге дейін журналист болып келе жатқандар. Екеуі бұрынғы редакция қызметкері және екеуі ұсталған сәтте журналистердің қасында болған адамдар.

Еске сала кетейік, елімізде Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким «Орда» редакциясын өз бақылауына алу үшін түрлі әрекеттерін доғарар емес. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар