Қырғызстан TikTok-ты жаба алмай отыр

cover

Елдің Цифрлық даму министрлігі танымал әлеуметтік желіге тыйым салу шешімін жүзеге асыруда техникалық қиындықтарға тап болды.

Қырғызстанда билік TikTok-ты бұғаттағысы келді, бірақ ол бірден нәтиже бермеді. Цифрлық даму министрлігі қиындықтарға тап болған. Бұл туралы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің өкілі Бектұр Ибрагимовке сілтеме жасап Азаттық хабарлайды. Дегенмен, елдің танымал қытайлық әлеуметтік желісіне тыйым салу туралы шешімі өзгеріссіз қалды.

ТикТок желісіне тыйым салу туралы шешіміміз күшінде. Оны жүзеге асырумен Цифрлық даму министрлігі айналысуы керек. Бірақ техникалық жағынан қиындықтар бар. Жұмыс әлі аяқталған жоқ, деп хабарлайды БАҚ Мәдениет министрлігінің ресми өкіліне сілтеме жасап.

24.kg түсініктеме алу үшін хабарласқан Цифрлық даму министрлігі: «Қазіргі уақытта тиісті шаралар қабылданып, TikTok мәселесі бойынша мемлекеттік кәсіпорындармен тиісті жұмыстар жүргізілуде» деген.

Мәдениет министрлігі тамыз айының соңында Цифрлық даму министрлігіне TikTok-ты бұғаттау туралы өтініш жіберді. Бұл шешім қоғамда да, сарапшылар арасында да кең резонанс тудырды. Танымал әлеуметтік желіге тыйым салу шағын және орта бизнестің мәселелерін қиындатады, Қырғызстандағы сөз бостандығы мен демократияға нұқсан келтіреді, жастардың өзін-өзі көрсету мүмкіндіктерін азайтады деген пікір бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар