Қырғызстан президенті Тасмағамбетовті орденмен марапаттады
Фото: ҰҚШҰ
ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 27 қарашада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындықты талқылау үшін Бішкекке келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бішкекте ол Қырғызстан президенті және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесуде Жапаров ұйымға Қырғызстанның төрағалығы кезіндегі басым бағыттар туралы айтты. Атап айтқанда, 2025 жылы өткен ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығулары, бірлескен операциялар және ұйым ішіндегі бірлікті арттыру мәселелері сөз болды.
Садыр Жапаров Иманғали Тасмағамбетовті Қырғызстанның мемлекеттік наградасы — «Достук» орденімен марапаттады. Бұл марапат оған «мемлекеттер арасындағы достық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін» табысталды.
Айта кетейік, қазан айының соңында Тасмағамбетов алдағы сессияға дайындық мәселелерін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де талқылаған еді.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді