«Күнде жұмысқа алып баратынмын»: марқұм бортсеріктің күйеуі қаралы күнді еске алды

cover Коллаж: Orda.kz

Марқұм Хёкюма Алиеваның күйеуі апат болған күнді еске алды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кеше, 29 желтоқсан күні Әзірбайжанда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer - 190 жолаушылар ұшағының апатынан қаза тапқан экипаж мүшелері жерленді. Сол жерде Хёкюма Алиеваның жұбайы естеліктерін айтты. 

«Әйеліммен ұрыс-керіссіз жақсы өмір сүрдік. Біздің болашаққа деген жоспарымыз көп еді. Хёкюманың өлімі –құрметке лайық. Алла тағала әрқайсымызға өз Отаны, өз мемлекеті үшін шахид болуға мүмкіндік берсін», - деді ер адам.

Бортсеріктің күйеуі әйелін күн сайын жұмысқа өзі алып баратынын есіне алды.

«Хёкюманы күнде жұмысқа алып баратынмын. Қайғылы оқиға болған күні мен оны сағат 06:00 шамасында жұмысқа әкелдім. Ол түсте Бакуден оралуы керек еді. Біз трагедия туралы әлеуметтік желілерден білдік. Бүкіл әлем болған оқиғаның куәсі болды. Алла апаттан қаза тапқандардың жанын тыныштандырсын», - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін ержүрек бортсерік қызды әкесінің өзі соңғы сапарға шығарып салғанын хабарлаған едік. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар