Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған

cover Фото: gov.kz

Алматы облысының полициясы жеті баланың әкесіне қатысты қатыгез кісі өлтіру ісін тергеп жатыр. Ер адамға 30-дан астам пышақ жарақаты салынған. Күдікке оның жұбайы мен енесі ілігіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл қайғылы оқиға 14 ақпанда Талғар қаласында болған. Оқиға туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокат Асылбек Әбдірайымов мәлімдеді.

«Жақында қайғылы жағдай орын алды. Екі әйел – жұбайы мен енесі – ер адамның өліміне күдікті ретінде танылып отыр. Бір жанжал, бір сәттік ашу бірнеше тағдырды тас-талқан етті. Шабуыл ол ұйықтап жатқан кезде жасалған», – деді адвокат. 

Оның айтуынша, қақтығысқа жылқы ұрлығы себеп болған. Марқұм оқиғаға дейін полицияға жылқыларының жоғалғаны туралы арыз түсірген. Тергеу барысында құқық қорғау органдары оның жұбайының жылқылардың жоғалуына қатысы болуы мүмкін екенін анықтаған.

«Бірде-бір жылқы, бірде-бір мал, ешқандай ақша жақын адаммен арадағы қарым-қатынастан, тіпті адам өмірінен қымбат емес. Ешбір дүние, ешбір дау немесе реніш орны толмайтын қасіретті ақтай алмайды», – деді Әбдірайымов. 

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.

«Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп мәлімдеді ведомство. 

Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру) бойынша тергеліп жатыр.

Еске салсақ, Талғар маңындағы тағы бір оқиға Қызыл-Қайрат ауылында болған, онда адам өлтіру, екі жасар баланы ұрлау мен зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Прокурор 12 баппен сотталып жатқан негізгі күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар