Құмар ойынның жетегінде кетсеңіз 10 жылға шектеу қойюға болады

cover Коллаж Orda.kz

Қазақстандықтар енді құмар ойындарға қатысты өз-өздеріне 10 жылға дейін шектеу қоя алады, деп хабарлайды Orda.kz.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының хабарлауынша, қазақстандықтар eGov Mobile арқылы өздеріне құмар ойындарға 10 жылға шектеу орната алады.  Бұрын бұл шектеуді 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге қою мүмкіндігі ғана болған еді.

Бұл шектеу кез келген азаматқа лицензияланған ойын алаңдары мен букмекерлік онлайн платформаларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет тек 21 жастан асқан қазақстандықтарға қолжетімді.  

eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Қызметтер» «Спорт» бөлімін таңдап, «Құмар ойындарға мен бәс тігуге қатысуға шектеу қызметін» таңдайсыз. Сонымен қатар, шектеу мерзімінің аяқталатын жылын және айын көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» түймесін басу керек.  

Сондай-ақ, бұрынғыдай шектеу енгізгендер үшін оның мерзімін ұзарту функциясы да қарастырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар