«Құмар ойынды ауыздықтау»: Ресейдің есеп жүйесін енгізіп егемендіктен айырылып қалмаймыз ба?
Коллаж: Orda.kz
Өткен аптада мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Біртұтас есеп жүйесі туралы сауал қойды. Ол қалай жұмыс істейді? Қайдан шыққан және оны енгізуден кімге пайда тиеді? Әңгіменің әлқиссасы осындай болды. Алайда депутаттың жазбасы кенеттен «жоғалып» кетті. Бұл Қазақстанға қымбатқа түсетін, тиімсіз ресейлік жүйені енгізіп, өз мүддесін қорғауға тырысатындардың қитұрқы әдісі екені анық. Сол жүйе санкцияға ілінген банктер мен жеке тұлғалардың меншігінде тұр.
Orda.kz хабарлағандай, мұндай лоббизм (яғни, белгілі бір тұлға немесе ұйымның мүддесін заңды түрде немесе заңсыз түрде қорғау әрекеті) Қазақстан президенті әкімшілігінің қызметкерлері арқылы жүзеге асады.
Редакцияға compliance-талдаушылардың тергеуі келіп түсті. Compliance дегеніміз – компанияның заң, ереже және стандарттарға сәйкестігін тексеру. Тергеу ресейлік спорт болмаса басқа құмар ойын т.б. тігілген бәстердің нарығын зерттеген. Тергеуде көрсетілгендей, Ресейде «айқындық» және «есепке алу» деп айтылғанымен, бұл жүйе тек шектеулі топқа бағынатын толық бақылаудағы құрылымға айналған. Яғни реттеушіден (қаржылық немесе ойын нарығын қадағалайтын орган) бастап төлемдерді қабылдап, есептейтін электрондық жүйеге дейін ат төбеліндей ғана адамға бағынады.
Біз құжаттағы негізгі деректерді жариялап, Ресейде спортты жойып, спорттық бәс ұйымдастырушыларды рейдерлікпен басып, саланы Умар Кремлёв пен «Мобильная карта» қызметкерлерінің қалтасына ақша аудару құралына айналған Ресейдегі Бәсті есепке алу орталығы Қазақстанда қалай енгізіліп жатқанын көрсетеміз.
Кейбірі президентке жеке хат жазып, ресейлік Бәсті есепке алу орталығының жетістіктерін мақтады, енді бірі сол хаттар арқылы депутаттарға қысым көрсеткен, үшіншісі ресейлік «Мобильді картаның» Қазақстандағы нұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне қосуға жауапты. Төртіншісі экономикалық тұрғыдан тиімсіз Бәсті есепке алу орталығының рейдерлік сипаты жайлы шындықты айтқан БАҚ өкілдерінің аузына қақпақ болып жатыр.
Бір қарағанда, ресейлік санкцияға ілінген компаниялардың спортқа тігетін бәстерді төлеу жүйесін жаулап алуы — қарапайым қазақстандықтың өміріне еш әсер етпейтіндей көрінуі мүмкін. Алайда бұл қате түсінік. Санкцияға ілінген ресейлік қаржы ұйымдарын енгізу фактісі Қазақстанның бүкіл қаржы жүйесіне орасан зор қауіп төндіреді.
Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының премьер-министрге Қазақстандағы Бір тұтас есеп жүйесін сылтаутарып басқа жақтан қауіп төнетіні жайлы жазуы кездейсоқ емес. Алайда миллиардтаған және триллиондаған қаржы лоббистердің жеке қалтасына түсіп жатса, басты қаржы реттеушісін кім тыңдайды?
Сол себепті президент әкімшілігіндегі кабинетінен Баялиев уәкілетті органдарды Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге ресейлік ВТБ-нің еншілес ұйымы – Nompay номиналын қосуға мәжбүрлейді. Сол үшін Ерғалиев пен Есекеев президентке ресейлік Бәсті есепке алу орталығын (ЦУПИС) енгізуді қолдайтын хаттарды дайындап жатыр.
Айта кетейік, Бір тұтас есеп жүйесі (ЕСУ) — Қазақстанға енді енгізілуі мүмкін жүйе.
Бәсті есепке алу орталығы (ЦУПИС) — Бұл Ресейдегі жүйе. Ол жайлы біз төменде толығырақ тарқатып айтамыз. Дәл осы жүйенің моделін біздің елге енгізу жайлы іс қаралып жатыр.
Ресейде «букмекерлік нарықты реттеу» деп аталатын бұл жүйе (ЦУПИС) шын мәнінде цифрлық рейдерлік жүйе болып шықты. Яғни, клиенттердің деректерін – кім, қанша ақша қойғанын, жеке мәліметтерін жүйе иелерінің пайдасына асырады. Соңында бұл ресейлік спортқа да зиян келтіретін құралға айналды. Басқару жағынан Бәсті есепке алу орталығы (ЦУПИС) ресми түрде жеке құрылым ретінде көрсетілсе де, іс жүзінде ол «Мобильная карта» ЖҚҚ (жауапкершілігі шектеулі коммерциялық емес ұйым) болып саналды. Бұл ұйым елдегі барлық ойыншылардың паспорт деректері, IP-адрестері мен ақша аударымдары жайлы ақпаратқа толық қол жеткізеді. Оның пайдасын көретіндер – «ВТБ Банкі» және Умар Кремлёв. Айта кетейік, ол бокс федерациясы МОК-тен шығарылған, себебі қаржыны дұрыс жұмсамаған және федерация төрағасының қылмыстық үкімдерін жасыруға қатысы бар.
Әр жаңа қолданушы Ресейдегі Бәсті есепке алу орталығы (ЦУПИС) арқылы сәйкестендіруден өткенде, іс жүзінде біртұтас клиенттік базада тіркеледі. Тіркелген алғашқы сағаттардан бастап «ресми» букмекерлер — «Фонбет», Winline, «Лига ставок» және Pari сияқты компаниялардан SMS-хабарламалар келе бастайды.
Бұл хабарламалардың көзі Ресейдегі Бәсті есепке алу орталығының (ЦУПИС) деректер базасымен толық сәйкес келеді. Тергеу көрсеткендей, жүйенің ішінде жасырын маркетинг механизмі жұмыс істейді.
Яғни, жай ғана әмиян ашқысы келген адам автоматты түрде Умар Кремлёвпен байланысты компаниялардың потенциалды клиентіне айналады. Осы кезде «Мобильная карта» монополиясы әр транзакциядан комиссия алады. Ал екінші кіріс көзі – ойыншылардың деректерін сату немесе пайдалану. Осындай екі жақты ақша табу жүйесі қалыпты жағдайға айналған.
Ресми реттеуші ретінде АНО «ЕРАИ» (Единый регулятор азартных игр – Құмар ойындарды біртұтас реттеуші) қызмет етеді. Мұнда басты лауазымдарды Ресей боксының федерациясын басқаратын Умар Кремлёвпен байланысы бар адамдар алады.
Ресейдегі Бәсті есепке алу орталығы (ЦУПИС) «офшорларды жеңді» деген әңгімелер де жалған болып шықты. Өзі Умар Кремлёв 2025 жылғы бірнеше сұхбатында ресейлік нарықта офшорлардың көп екенін мойындайды. Бірақ іс одан да күрделі: Бәсті есепке алу орталығында (ЦУПИС) тіркелген клиенттер офшорлық букмекерлердің жарнамаларына мақсатты түрде бағытталады… Сол букмекерлер Умар Кремлёвтің шетелдік турнирлерінің демеушілері мен серіктестері. Яғни, «офшорға қарсы күрес» іс жүзінде адамдарды құмар ойынға итермелейді.
Бәсті есепке алу орталығы (ЦУПИС) экономикалық жағынан өте тиімсіз. Жүйенің жұмыс істеуіне жыл сайын шамамен 8 миллиард рубль жұмсалады. Бұл — спортқа бөлінетін қаражатпен шамалас. Ал кіріс шамамен 31 миллиард рубльге жетіп, бәрі құрылтайшылардың қалтасына кетеді.
Ресейде мемлекет спортқа жыл сайын аз ақша бөледі. Мысалы, 2025 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға 41,5 миллиард рубль бөлінген. Ал Бәсті есепке алу орталығы (ЦУПИС) дәл сондай қаражатты өз жұмыс шығындарына жұмсайды, ал пайда көретіндер — Умар Кремлёв пен ВТБ Банкі.
2025 жылғы қыркүйекте Кремлёв ұйымдастырған форумда да Бәсті есепке алу орталығы (ЦУПИС) спортқа бөлінетін қаржыны шашып жібергені расталды. Бұрын букмекерлерден ақша 130 спорт федерациясына түссе, қазір тек 28 федерация ғана ақша алады.
Осы себепті Қазақстандағы президент әкімшілігінің қызметкерлері Біртұтас есеп (ЕСУ) жүйесін ілгерілетеді және шындықты айтқысы келген әр адамның ауызын жабады. Көріп отырғандарыңыздай тіпті ол депутат болса да аузына қақпақ болады.
Сондай-ақ, неге «лоббистер» депутаттар мен үкімет мүшелерін адастыратыны да түсінікті болады. Бір жыл бұрын мәжілісте Біртұтас есеп (ЕСУ) жүйесін президенттің жиендеріне тиесілі деген әңгіме тарады. Сондықтан Ресейдегі Бәсті есепкеалу орталығының (ЦУПИС) моделін қабылдау қажет деген идея айтылды.
Бұл тек бір ғана құрал. Аталған «белгілермен» бірге, нақты адамдар, яғни, президент әкімшілігінің қызметкерлері Рустам Баялиев, Әсет Ерғалиев, Қуанышбек Есекеев, Қанат Құлшыманов үкімет мүшелеріне және депутаттарға қоңырау шалып, хат жазып отыр.
Ал Қазақстанның қаржы жүйесі қосымша санкцияға іліне қалса, несие мен өнім бағасы өссе, азаматтардың жеке деректері және Қарулы Күштердің тізімі солтүстіктегі көршімізге өтсе, онда бізге бұл әңгімелердің мәні қалмайды.
Президент әкімшілігінің қай қызметкерлері Қазақстанның қаржы жүйесіне Біртұтас есеп жүйесі (ЕСУ) деп аталатын «трояндық ат» секілді өте қауіпті құжатты енгізуге қол қойғаны өте маңызды. Бұл былай қарасаң, бір елдің егемендігіне қауіп төндіретін дүние.
Orda.kz редакциясында осы мәтіндегі ақпаратты растайтын барлық құжаттар бар.
Жаңалықтар
- «Құмар ойынды ауыздықтау»: Ресейдің есеп жүйесін енгізіп егемендіктен айырылып қалмаймыз ба?
- Еліміздегі Airbus бағдарламалық жасақтамасын жаңарту толық аяқталды
- «Пәтер бағасы қатты қымбаттайды»: экономист жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді
- Ақ үй маңында Ұлттық гвардия қызметкерлері жарақаттанғаннан кейін АҚШ босқындарды қабылдауды тоқтатты
- Отандық БАҚ мәселесі: Жасанды зерде жарнамасыз қалдырып, жарға итеріп жатыр
- Оңтүстік-Шығыс Азияда су тасқыны мен көшкін салдарынан 500-ден астам адам опат болды
- «Ойымды дұрыс жеткізе алмадым» - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары мүгедектігі бар адамдардың намысына тиген сөзі үшін кешірім сұрады
- Түнде Алматыда адам шошырлық көлік апаты болды, зардап шеккен үш адам ауруханада
- АҚШ-та кем дегенде 10 бала коронавирусқа қарсы екпеден қайтыс болды
- КҚК-на жасалған шабуыл Қазақстан мен Украина қарым-қатынасына келтірілген нұқсан - СІМ
- Жемқорлардың жемтігіне айналған ArtSport платформасы сәтсіз аяқталды
- Астана мен Алматы «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқанын қолдады
- КҚК-ға шабуыл: Қазақстан мұнайды баламалы бағыттарға жіберетінін мәлімдеді
- Тоқаев Таиланд пен Индонезиядағы су тасқынына қатысты көңіл айтты
- Астана әуежайы штаттық режимдегі жұмысына көшті: Airbus жаңартылуы аяқталды
- Оқу-ағарту министрі мектеп пәндерін біріктіру мәселесіне қатысты пікір білдірді
- Жұрт жаппай теңгесін өткізіп жатыр
- Көшедегі қарулы техника зәреңізді алмасын: Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлік әзірлік жасайды
- КҚК теңіз терминалына жасалған шабуылдан ВПУ-2 жарамсыз болып қалды
- Гонконгтағы өрт азапқа айналды: аза тұту, тұтқындау және жүздеген жоғалғандар