Құлыбаев қазақстандықтардың зейнетақысын Domino’s Pizza акциясын сатып алуға жұмсады
Фото: БЖЗҚ
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарынан алынған 157 миллион теңге америкалық Domino’s Pizza компаниясының акцияларын сатып алуға жұмсалғаны белгілі болды. Инвестицияны Тимур Құлыбаевқа тиесілі Halyk Finance жасаған. Алайда акциялар сатып алынғаннан кейін арзандап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ақпарат зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі жөніндегі есепте көрсетілген. Есеп БЖЗҚ сайтына орналастырылған.
Акцияларды сатып алу қазан айында жүргізілген. Келісімнен кейін компанияның қағаздары арзандай бастады. Сатып алынған кезден бері олардың бағасы 155,44 долларға дейін түсіп, 1,14%-ға арзандаған.
«Domino’s Pizza» — 1960 жылы АҚШ-та құрылған, әлемдегі ең ірі пицца желілерінің бірі. Бүгінде компания 90 елде 21 мыңнан астам нүктеде жұмыс істейді. Желінің дамуы франшиза беру, курьерлік жеткізу және өзімен алып кету жүйесі арқылы жүріп отыр.
2025 жылы компания табысы өскен. Соңғы бір жылдағы кірісі 4,84 миллиард доллар болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артқан. Ал үшінші тоқсандағы таза табыс 139,3 миллион доллар болды. Бұл — былтырғы дәл осы кезеңдегі 146,9 миллион доллардан төмен көрсеткіш. Компания акциялары өткен жылы шамамен 7,5%-ға арзандаған. Қазір бір акцияның бағасы — 431,69 доллар.
Бұған дейін біз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» қаржыны Қазақстанда да, шетелде де қалай инвестициялайтыны туралы жазғанбыз. 2024 жылдың соңында қор басқаруындағы қаражат 22,5 триллион теңгеге жеткен. Оның шамамен тоғыз триллионы шетел валютасында сақталған. Қаражаттың бір бөлігі АҚШ, Индонезия, Бразилия және Сауд Арабиясының облигацияларына салынған. Шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар портфелінің жалпы көлемі 2,2 триллион теңге деп бағаланады. Дегенмен зейнетақы қаржысының басым бөлігі ел ішінде жатыр. Мысалы, ҚР Қаржы министрлігінің облигацияларына салынған инвестиция көлемі — 6,88 триллион теңге.
Сондай-ақ, мемлекет үш ай бойы зейнетақы жарналарын аудармаған азаматтарды бақылауға алатыны туралы да жазғанбыз. Мұндай азаматтар туралы ақпарат «Цифрлық отбасы картасы» арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жіберіледі. Бұл кімнің қандай жеңілдікке құқығы барын нақтылауға және әлеуметтік-медициналық көмекті әділ бөлуге мүмкіндік береді. Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Еске сала кетсек, енді зейнетақы жинағындағы артық қаражатқа көз емдеуге тыйым салынады.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды