Құдайдан қалауды ақшаға сұрау мүмкін бе?: Блогер Меккеде оқыған дұғасын сатты
Фото pixabay
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада блогер Аягөз Асқарова Меккеде Қағбаны айналған сәтінде оқыған «қасиетті дұғасын» 1000 теңгеден сатқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Асқарова өз дұғасының көмегін көрген оқырмандар арнайы топқа жазылып, ақысын төлеп, дұғаны сатып алғанын айтты. Блогер тіркелгендерге 24 сағаттық қолжетімділік беріп, дұғаны оқу тәртібін үйреткен.
Бұл жайтқа қатысты әлеуметтік желі қолданушылары екіге бөлінді. Бір бөлігі құран аяттары мен дұғаларды саудаға салу дұрыс емес деген пікір білдірді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
«Дұға – пенде мен Жаратушы арасындағы рухани байланыс. Ол ешқашан саудаға салынбайды. Дұғаны сатып алу немесе сату – шариғатқа қайшы. Мұндай әрекет халықты шатастырып, діннің асыл құндылықтарын коммерцияға айналдырады. Әрбір мұсылман дұғаны ықыласпен өзі жасай алады, бұл үшін ақша төлеудің қажеті жоқ», – деді мүфтият өкілдері.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды