Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына анасы қатысып отыр

cover Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты әлі де жалғасын тауып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Сотқа экс-министрдің анасы Альмира Нұрлыбекова да қатысып отыр.

Ол «Қай үкімді әділ деп санайсыз?» деген журналистердің сұрағына жай ғана «сот көрсетеді» деп жауап қайтарған.

Әзірге Бишімбаевтың қорғаушылары БАҚ өкілдеріне толық жауап бермеді.

Қорғаушылардың айтуы бойынша Салтанат Нүкенованы «азаптап өлтірді» деген шындыққа жанаспайды дейді. Ал Нүкенованың өзі Бишімбаевты қызғанған деседі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар