Қуандық Бишімбаев балаларына алимент төлеуден бас тартты
Фото: бейнеден кадр
Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман балаларының алимент алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өзі жайлы қауесеттерге нүкте қою үшін Назым Қаһарман YouTube арнасына бейнеролик жариялады. Бейнежазбада Назым бір жарым жылдың ішінде балалары Бишімбаевтардан көк тиын ала алмағанын айтты.
«Былтыр балалардың демалысына да, психологтарына да ақы төленген жоқ. Барлық түбіртектерді жолдадым. Бір жарым жылдың ішінде қомақты қаражат жиналды. Бірақ адвокатқа жібергеніме қарамастан, оны елемей қойды», – деді Назым.
Сонымен қатар, 2020 жылы экс-күйеуі Бишімбаевпен ажырасқанда келісілген алиментті де еске салуға мәжбүр еді.
«Маған үнемі еске салып отыруға тура келеді. Адвокат Баянға үнемі жазамын. Мысалы, бүгін – 28 наурыз. Осы күнге дейін наурыз айының алименті әлі түскен жоқ. Тұрақты түрде өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында ғана аудара бастады», – деді Назым.
Кейін Назымның бейнеүндеуінде экранда «30 наурызда Бишімбаевтардың адвокаты маған хабарласып, алимент төлеуден толық бас тартқандарын айтты» деген жазба пайда болды.

Өткен жылдың қараша айында Астанада Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляциялық іс қаралды. Бұл талапты оның бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман қойған. Сол кезде Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге қарсы емес екенін айтты.
Жаңалықтар
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды