ҚТЖ-да миллиондаған ұрлық: Бас механик 7 жылға сотталды

cover Коллаж: Orda.kz

Тараз қалалық соты «Қазақстан Темір Жолының» Жамбыл бөлімшесінің бас механигі Серік Садықовты шартты түрде 7 жыл бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.

2020 жылдың қаңтар айы мен 2023 жылдың желтоқсан айына дейін Садықов 162 литр дизель отынын ұрлаған. Шығын шамамен 35 млн теңге болды. Ол арнайы техникалардың шығуы туралы жалған мәлімет беріп отырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Садықов өз кінәсін мойындап, шығынды толығымен өтеді.

Сот Садықовты ҚР ҚК-нің 2-тармағы, 4-бөлігі, 189-бабы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар