ҚР СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттері Каспий маңы мемлекеттері үшін қауіпті екенін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР СІМ-де атап өткендей, АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттері халықаралық жағдайдың күрт нашарлауына тап етті.
«Біздің өңірде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін салдарлар өте қауіпті болуы мүмкін. Қазақстан Каспий маңы елдерінің қатарына кіреді және Иранмен түрлі салаларда ынтымақтастықты дамытып келеді. Біздің еліміз барлық қайшылықтар, соның ішінде ядролық мәселелер тек БҰҰ Жарғысына сәйкес келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деп санайды», деп атап өтті министрлік.
ҚР Сыртқы істер министрлігі мүдделі барлық елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігін халықаралық бақылау негізінде кепілдік ету мақсатында келісім жасасу бойынша жұмысты жеделдетуге шақырды.
22 маусым күні АҚШ ӘӘК Иранның үш өңіріндегі ядролық инфрақұрылым нысандарына әуе соққыларын жасады. Жауап ретінде Иран Израиль аумағын қанатты зымырандармен атқылады.
БҰҰ бас хатшысы АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына соққысын қауіпті өршіту деп атады, ал Иран режимі уранды байытуды тоқтатпайтынын мәлімдеп, Израильге оқ жаудыруын жалғастырды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газа тұрғындарын біздің елімізге көшіру туралы желіде желдей есіп жүрген сыбыстарды жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр