ҚР АШМ 2030 жылға дейінгі ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі

cover

 Суармалы жер көлемі ұлғайып, несие көлемі артады. ҚР АШМ 2030 жылға дейінгі ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі.

Қазақстан фермерлерінің республикалық қауымдастығында агроөнеркәсіп кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров құжаттың бірнеше негізгі бағыттарын атап өтті:

·         фермерлер өсімдік шаруашылығында жоғары рентабельді дақылдарға көшіп, ылғалды көп ұстайтындарын азайтады;

·         министрлік су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің ауданын жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайтады;

·         жем-шөп жинайтын техника мен жылжымалы суару жүйелерін қаржыландыруға 20 млрд теңге бөлінеді;

Ауыл шаруашылығы министрлігі тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың жеке Кешенді жоспарын әзірлейтін болады. Оның аясында жаңа өңдеу орындары құрылады.

Баяндамада жалпы алғанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке берудің жылдық көлемі 170 млрд теңгеден астам екені атап өтілген.

Айдарбек Сапаров Қазақстан фермерлері қауымдастығының ауыл шаруашылығы саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің бірі екенін баса айтты. Ол 60 мыңнан астам шағын, орта және ірі тауар өндірушілердің мүддесін білдіреді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар