«Көзі, құлағы, мұрны құрттаған»: Шымкентте жас әйелді 16 жастағы жігіт зорлап өлтірді

Шымкентте мәйіті қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваны жақындары ақтық сапарға шығарып салды. 26 жастағы 2 қыздың анасын 16 жастағы жігіт зорлап, кейін денесінің 24 жерінен пышақтап өлтірген. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тұңғышын жер қойнына тапсырған анасы көргенде өз перзентін танымай қалған. Көзі, құлағы мен мұрнынан құрт шығып жатқан келіншек он күн бойы сол пакетке оралған күйде көшеде жатыпты. Іздеуде болған оны полицейлер емес көше тазалаушылар тапқан.
«Қызды екі жерінен кеңірдегінен кескен. Машина сүртетін шүберекті тығып тастаған кеңірдегіне. Ол аз болса 24 жерінен пышақтаған. Өлтіріп жатқызып қойып, ойыншық ұқсатып пышақты тығып отырған. Оны азаптап, өлтіріп, зорлап, пакетке салып, оның сыртынан скотчтап орап... Байқұс оныншы күн дегенде табылып тұр. Құрт жеп тастаған», — дейді марқұмның әпкесі Әлия Ақбарова.
Он күннен бері із-түзсіз кеткен қыздарын келер деп күткен Оңғарбаевтар отбасы қазір ес жия алар емес. Өйткені әлпештеп өсірген тұңғышын қаскөйлер азаптап өлтірген. Алдымен зорлап, кейін денесінің сау-тамтығын қалдырмаған деп зар жылайды туыстары. 26 жастағы келіншектің бар жазығы - маңдай-терімен істеген жұмысының ақысын сұрағаны екен.

«Үй жинауға тазалықшы керек деп шақырған. Күндік жұмыс. Бұл қыз сол адреске барған. Сөйтсе ол бала қылмысын алдын ала жоспарлаған болып тұр ғой. Жігіт айтқан екен. «Үйді тазалап болғаннан кейін ақшаны мамам салады» деп. «Мамамды күтіп отырмын» деп қызды жібермей ұстап отырған екен. Диана әпкем анасына өзінің телефонымен хабарласқан кезде жігіт пышақтап үлгерген», — дейді марқұмның сіңлісі Айдана Оңғарбаева.
Қара жамылған отбасы полицияның іздеуге дер кезінде кіріспегеніне де күйінеді. Олар Диана жоғалған 21 шілде күні-ақ арызданғандарын айтады. Алайда құзырлы орган өкілдері оны араға бір апта салып у-шумен тіркепті. Оның өзінде мәйітті полицейлер емес, қоқысты алып кететін жұмысшылар 31 шілдеде көріп, хабарлаған.
«Дүйсенбі күні барамын. 21-нен 28-не дейін ешқандай нәтиже жоқ қой. Не қыз бар, не жоқ. Сонда сол кісілер не істеп жүрді? Сонда айтқан жауап сөздері күйеу балаңыз арыз жазған жоқ дейді. Арыз жазып алып қалмаған. Іздеуге де кіріспеген. Дүйсенбі күні жазам, 28-і күні жазамын. Болғасын олар өзіме «Уайымдамаңыз екі күнде тауып береміз» деді. Ол қыз тірі деді. Қайда, тірі қыз?», — дейді марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева.


Туыстары күдіктіні де полицияға өздері тауып бергенін айтады. Ол Диана жинауға барған үйді жөндеп жүрген жұмысшы екен. Марқұмды Telegram арқылы жұмысқа шақырған да сол кәмелет жасына толмаған күдікті дейді. Қазір ол «адам өлтіру» бабы бойынша жауапқа тартылып, қамауға алынған.
«Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Шымкент қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.
Азаппен ажал құшқан Диананың жақындары болса бұл іске тағы үш адамның қатысы барына сенімді. Өйткені марқұмның ұялы телефонын сатуға екі адам барыпты. Айта кетейік, марқұмның артында 2 және 4 жастағы қыздары мен күйеуі қалды. Ерлі-зайыпты нәпақа табу үшін қалаға келген екен.
Айта кетейік, Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы күйеуі жантүршігерлік жағдайда азаптап өлтірді. Қайғылы оқиға 22 маусымда Ақсу ауданы Баласаз ауылында болған.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- Таразда 32 жастағы ер адам өзіне от қойып, көз жұмды
- Жөндеу ме, жауапсыздық па?: Ақан серінің мазарына ауыр техника кіріп, зираттарды басып өтті
- Тоқаев Трампты Газа секторындағы бейбітшілікке қол жеткізгені үшін құттықтады
- Алматы әкімдігінде 4 баланың анасы өзін-өзі өртемек болды
- «Құтқарыңдаршы»: Қытайда ұсталған қазақстандықтың ісі үшін адвокаттар 7 млн талап етті
- Талғардағы қанды оқиға: кісі өлтіру мен бала ұрлауға қатысты күдіктіге 12 бап бойынша айып тағылды
- Садыр Жапаровтың күйеу баласы болудан қағылған жігіт түрмеден шықты
- ХАМАС екі жыл бұрын тұтқындап, кепілге алған адамдарын босатты
- Шерзаттың ісіндегі екі қыз куәгер ретінде қалды — Сәденов
- Перизат Қайраттың түрмеде қандай жұмыс істей алатыны белгілі болды
- Өзбекстан президентінің жоғалған мысығы аман-есен табылды
- Трамп Израильге ұшып барды
- «Өз ойыныммен дәлелдеймін»: Дінмұхамед Қашкен сыни пікірге жауап қатты
- Алматы қаласында бір топ ер адам 18 жастағы жігітті аяусыз соққыға жықты
- ҚБТУ кімдікі? Динара Құлыбаева тарихи ғимаратқа қатысты мәселеде мемлекетті өз ыңғайына көндірді
- 15 жастағы «Ақтөбе» футболшысы Арон Мұса газға тұншығып қайтыс болды
- Тоқаев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады
- Qazaq Air ұшқыштары жалақыны көтеріп, жұмыс жағдайларын қайта қарауды талап етті
- «Таза Қазақстан» акциясы кезінде барлығы ағаш отырғызып жатқанда Тараз билігі ағаш кесіп ерекшеленді
- Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатты