Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды

cover Фото: Depositphotos

Қостанай қаласының №2 сотында  бірнеше адамды алдап, тақырға отырғызған сотталушыға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотталушы өз атына тіркелген «Velvet» жеке кәсіпкерлік арқылы, «Kaspi Магазин» және «HalykMarket» интернет-сауда алаңдарында жәбірленушілерге «0-0-12» және «0-0-24» бағдарламалары бойынша тауарларды бөліп төлеуге рәсімдеуді ұсынған. Алайда ол тауарларды пайдалануға бермей, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өз мүддесіне пайдаланған.

Сонымен қатар, лицензиясы болмағанына қарамастан, жәбірленушілерге теңгені рубльге және долларға ресми айырбастау пункттеріндегі бағамнан төмен бағада айырбастау қызметін ұсынып отырған. 

Нәтижесінде жәбірленушілерге 470 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. 

Сотта сотталушы айыптаудың 9 эпизодын мойындады. Алайда 430 млн теңгеден астам сомаға қатысты эпизод бойынша кінәсін мойындамады. Күдікті 6 жыл 6 айға сотталды. Сондай-ақ қаржылық қызмет көрсету саласында қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырды.

Сотталушының жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар