Қостанайда әскери адамдар студенттерді колледжден алып кетті

cover Фото: Бейнеден кадр

Қостанайда құрылыс колледжінде емтихан тапсырып жатқан 3-курс студенттерін әскери адамдар алып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Жергілікті парақшалардың хабарлауынша, әу баста әскери адамдар сұхбат жүргізу мақсатында келген. Кейін 3-курс студенттерін емтихан тапсырып болған соң, әскери комиссариатқа алып кеткен. Ал емтихан тапсырушылар колледжде заң бойынша 30 маусымға дейін «студент» болып жүре алады.

Бұл әрекет ата-аналардың наразылығын тудырды.

Аналардың бірі жалғыз ұлын алып кеткенін айтып шағымданды.

Еске сала кетейік, Таразда әскерге шақырылған жігіт көлікке басын ұрып, қарсылық көрсеткен еді. Салдарынан жігіттің миы шайқалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар