Қостанай облысында құқығынан айырылған сот орындаушысы ақша ұрлады деп айыпталды

cover Фото: kazpravda.kz

Қостанай облысында лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысы инкассаторлардың ақшасын ұрлады деп айыпталды.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қостанай облысының прокуратурасы тергеу барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет және басқа өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алған сомаларды ұрлау схемасын анықтады. Бұрынғы жеке сот орындаушысы «Н» лицензиясынан айырғаннан кейін айыппұлдар мен басқа да қарыздарды өндіріп алушыларға берудің орнына, өзінің жеке шотына 6 миллион теңгеден астам соманы аударғаны анықталды» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар