Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қазақша сөйлеуден бас тартты

cover Фото: Бейнеден кадр

Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Альмира Ибраева журналистің қойған сұрағына қазақша жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Әкімнің орынбасары қойылған сұрақтарға орысша жауап беру ыңғайлы екенін айтты. Журналист мемлекеттік қызметкер ретінде қазақ тіліндегі емтиханды қалай тапсырғанын сұрады. Бірақ Альмира Ибраева жауаптан жалтарып, басқа сұрақ қоюды өтінді. Журналистің «емтиханды сатып алдыңыз ба?» деген сұрағын әкімнің  орынбасары жауапсыз қалдырды. Сол кезде олардың жанына бір ер адам келіп, әкімнің орынбасарын қорғаштай бастады. Журналистің өзіне сұрақ қойып, құжатын көрсетуді сұрады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметкерлердің қазақ және орыс тілінде жауап беруіне болатынын айтты.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Журналистке сұрақ қоя жөнелген адамның кім екені де белгілі болды. Әріптесін қорғаштаған Қосшы қаласы аппаратының басшысы Нұрсұлтан Нұркенұлы екен. 

Айта кетейік, Тоқаев судьялар қатарында жүрген алаяқтар мен жемқорларды жұмыстан шығарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар