Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер талқыланды. Вице-премьер Ермек Көшербаев, сондай-ақ ішкі істер, цифрлық даму, еңбек министрлері баяндама оқыды.
«Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен қауіп-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін ескеру маңызды екенін атап өтті. Президент заңсыз көші-қонның алдын алу үшін бақылауды күшейту, сонымен қатар елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігін айтты», деп хабарлады Ақорда.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттерін талдап, қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді біріктіруді жеделдету тапсырылды.
Еске сала кетсек, Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды мигранттар зорлап, аяусыз өлтіріп кеткен еді. Ал полицияның ресми ақпаратына қарасақ, бір күдікті ұсталған. Қыздың мәйіті 6 маусым күні таңертең табылған. Толығырақ мақаламыздан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды