«Қосанов халық алдына шықсын!»: Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары талаптарын айтты
Фото: Orda.kz
10 қарашада таңертең Астанадағы Үкімет үйінің алдында әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары жиналды, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар ғимарат ішіне кіріп, журналистерге наразылыққа шығу себебін түсіндірді.
«Олар реформа қабылдай алмайды. Ештеңе шеше алмады. Үш жарым жыл ішінде ештеңе шешпеді. Мен олардың барлығын жатқа білемін. Қосанов, Жайсаңбаев. Олар халықтың алдына шықсын. Жайсаңбаев, Қосанов, егер сіздер адал жұмыс істесеңіздер, халықтың алдына шығыңыздар!», – деді наразылыққа шыққан Гүлмира Мұқажанова.
Бір ер адам әйелдердің жанына келіп, жиналғандардан үйге қайтуды сұрады.
«Бұл әрекеттерді тоқтатуды сұраймыз. Бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тарқаңыздар», – деді ол.
Әйелдер президенттің әкімшілік аппаратымен кездесуді талап етті.
Кейін наразы аналарды Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал Қайсар Үмбетов пен Қорғаныс министрлігінің өкілдері қабылдады. Алайда марқұм сарбаздардың аналары дәл осы адамдармен үш жылдан астам уақыттан бері кездесіп жүргенін айтты.
Әйелдер қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің меңгерушісі Қанатбек Жайсаңбаевтың келгенін талап етті.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?