«Көрші елдер де қатыса алады»: Қырғызстанда жаңа әнұранға байқау жарияланды
Фото: Facebook.com/ Kyrgyzpresident
Қырғызстанда жаңа әнұранға байқау жарияланды. Байқауға Қырғызстаннан бөлек, көрші елдің сазгерлері, ақындары, музыканттары қатыса алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін қырғыздар әнұранды өзгерту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік. Президент Садыр Жапаров әнұранның 33 жыл бұрын жазылғанын және жаңартуды қажет ететінін айтқан.
«Біз мемлекет ретінде толығымен қалыптастық. Әлемге танылдық. 100 жыл өтсе де, қалай тәуелсіздікке жеткенімізді жырлай береміз бе? Неге біз халқымыздың бес мың жылдық тарихы бар екенін айтып, болашақ ұрпаққа арнап әнұран жазбаймыз? Әрине, қазіргі әнұран да ұмытылмайды. Ол тарихта республикамыздың тұңғыш әнұраны ретінде қалады», - деді Садыр Жапаров.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік әнұраны 1992 жылы 18 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңестің қаулысымен бекітілген.
Бастапқыда ол үш шумақ пен қайырмадан тұрды, бірақ 2012 жылғы 27 желтоқсандағы Жоғарғы Кеңестің қаулысымен екінші шумақ алынып тасталды.
Қырғызстанның мәдениет министрлігі конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар береді. Бірінші орынға – 1,5 миллион сом, екінші орынға – 1 миллион сом, үшінші орын – 500 мың сом бермекші.
Жаңа әнұран осы жылдың сәуіріне дейін қабылдануы тиіс.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады