Коронавирусқа қарсы екпелер таусылып қалды

cover Фото: Pexels

Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналардың жоқ екенін Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова растады.

Алматыда коронавирусқа қарсы екпе таусылып қалды. Алайда ауырып жатқандардың қарасы көп. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

«Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жоқ. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр», – деді ол.

Дегенмен, жағдай әлі де бақылауда. Әсел Қалықованың айтуынша, ЖРВИ және тұмауға күдікті науқастардан алынған сынамалар бір мезгілде COVID-ке де тексеріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар