Қорқытып, кейін соққыға жыққан: «Дикий Арманның» досы мен оның бандасы сотталды
Фото: Prosports
Қылмыстық топ көшбасшысы Арман Жұмагелдиевтің серіктеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот алты адамды бопсалау, заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау бойынша кінәлі деп таныды.
Топтың негізгі фигурасы – Дәуір Тәукеев. Ол Арман Жұмагелдиевтің жақын досы. Оның есімі қылмыстық істерде бұған дейін де бірнеше рет аталған. Тәукеев бұрын кафеде болған атысқа байланысты кінәлі деп танылып, бес жылға сотталған. Алайда ол бұл жолы да айыпталушылар қатарында. Ол Шымкенттегі қылмыстық топты басқарған. Бүгінде оны қорғайтын ешкім жоқ, себебі қылмыстық құрылымдардың өзі темір тордың ар жағында.
Ақша, зорлық, қысым
2023–2024 жылдары топ мүшелері Шымкент тұрғындарын бопсалап, ақша талап еткен. Зардап шеккендер олардың тарапынан қысым мен күш қолдануға ұшырап, күн сайын қорқынышпен өмір сүрген. Қылмыстық топ жәбірленушілерді жалдамалы пәтерлер мен қонақүйлерде ұстаған.
«Жәбірленуші шамамен 50 миллион теңге қарызын қайтармаған. С.А. (сотталушылардың бірі) өз өкілетін асыра пайдаланып, 43,6 миллион теңге өндіріп алған» деп жазылған іс материалында.
Тағы бір эпизодта топ мүшелері «құрмет көрсету» деген сылтаумен екі миллион теңге талап етіп, бағынбағандарды соққыға жыққан.
Топтың жетекшісі Дәуір Тәукеев 8 жылға сотталды. Оның екі серігі – 4 жылға, қалғандары – 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Амандық Баталовтың күйеу баласы Қырғызстанда іздестіріліп жатыр. Тергеу дерегінше, ол кезінде атышулы «заңдағы ұры» Камшы Көлбаев (Камчы Асанбек) басқарған ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыс орнатқан.
Жаңалықтар
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды