Қорғаныс министрлігі Польшада ұсталған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

cover Фото: ABW

ҚР әскери атташенің көмекшісін Польша билігі қамауға алғанын қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды Orda.kz.

Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери атташенің көмекшісін Польшада полиция ұстағанын растады.

«Бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚР азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады»,  деп түсіндірді министрлік.

Бұған дейін біз Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне сұрау жолдағанымызды хабарлағанбыз. СІМ өкілдері «бұл жөнінде түсініктеме бере алмаймыз» деп жауап беруді қорғаныс ведомствосына сілтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар