Оңтүстік Корея түрмесінде қазақстандықтар бар ма?

cover

Қазір 25 қазақстандық Оңтүстік Кореяда кісі өлтіргені үшін түрмеде отыр, ал бір кореялық азамат Қазақстанда жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды ORDA Liter. kz-ке сілтеме беріп.

20 қаңтардағы жалпы отырыста Мәжіліс сотталушыларды ауыстыру туралы екі ел арасындағы келісімді ратификациялауды мақұлдады.

«Бүгінде Қазақстан Республикасының 25 азаматы Оңтүстік Кореяда адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Бізде де Кореяның бір азаматы бар», - деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.

Заң жобасына келетін болсақ, оған сәйкес ауыстыру жазаны өтеуге бір жыл қалғанда және сотталушының өзі келісім берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

2020 жылдың басында Оңтүстік Кореядағы тағы бір қазақстандық 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды. 2019 жылдың күзінде аталған азамат автокөлікпен келе жатып баланы қағып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Содан кейін ол Қазақстанға оралған, бірақ бірнеше айдан кейін ұсталып, Оңтүстік Кореяға жеткізіліп, сонда сотталды.

2020 жылдың 23 желтоқсанында Инчхон қалалық соты Қазақстан азаматын шетелден келгеннен кейін өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырғаны белгілі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар