Көлікті бес минуттан артық қыздыруға заңда тыйым салынбаған

cover Фото: freepik.com

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу заңда қарастырылмаған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Бақытжан Базарбек мәлімдеді. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев өзінің депутаттық сауалында машинаны бес минуттан артық жылытқаны үшін айыппұлдың күшін жоюды талап еткен болатын. 

Бақытжан Базарбек комитет тиісті түзетулер енгізгенін, оған сәйкес осындай нормаларды жергілікті өкілдік органдары – мәслихаттар бекіте алатынын атап өтті.

«Сіздер заңда «бес минут» деген түсініктің жоқ екенін түсіндірулеріңіз керек еді. Осылай шулатып жіберген өздеріңіз, қазір бүкіл халық бес минут туралы айтып жүр. Мұны ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар бірігіп түсіндіруі тиіс еді. Ал қазір, түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі салдарын көріп отырмыз. Көптеген адам осы мәселені хайпқа айналдырып жіберді» - деді депутат. 

Еске салайық, бұған дейін көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты ережеге өзгеріс енуі мүмкін екенін хабарлаған едік. Ережені қайта қарау жөнінде депутаттар бастама көтерді. 

Мәселені шешу үшін арнайы ведоствоаралық комиссия құрылатын болды. Депуттатар көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынатын айыппұл бағасын қайта есептеу керегін талап етіп отыр. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар