Көлік министрлігі Маңғыстау облысындағы теңіз порттарын тексерді

cover Фото: Көлік министрлігі

Маңғыстау облысына сапары барысында Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев Каспий теңізіндегі ірі көлік инфрақұрылымы нысандарының қызметімен танысты, деп хабарлайды Orda.kz.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, министр Ақтау, Құрық және Баутино теңіз порттарын аралады. Сондай-ақ Саржа, Ерсай және Северный теңіз терминалдарының жұмысын тексерді.

Қазіргі уақытта контейнерлік терминалдың қосымша объектілерін құру, жүк тиеу жабдықтарын жаңарту, логистиканы дамыту, кедендік және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ TMTM және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, осы жұмыстардың қорытындысы бойынша 2030 жылға қарай Қазақстан порттарының өткізу қабілетін қазіргі 21 миллион тоннадан 30 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бұл жұмыстар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде қабылданып жатқан кешенді шаралардың бір бөлігі  және осы бағыт бойынша жүктерді тасымалдауға өсіп келе жатқан қажеттіліктерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар