«Қолдаймыз»: Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінде Украина жайлы не деді?
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өтіп жатқан бүгінгі саммитте Украина жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы өз сөзінде екі ел арасындағы келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеді.
«Қазақстан жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді үнемі қолдайды, сондықтан Украина бойынша келіссөздердің басталуын құптаймыз, мәселенің күрделілігін толық түсінсек те, тиімді нәтиже болады деп үміттенеміз», – деді ол.
Айта кетейік, президент «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлеріне қатысты Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандағы Конгресс-орталыққа келген болатын.
Еске сала кетсек, Қазақстан жеңістің 80 жылдығына қызу дайындықты бастап кетті, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге 2,5 млрд теңге жұмсалатыны айтылды.
Сонымен қатар, Orda.kz Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандық достарын Ұлы Отан соғысының жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге шақырғаны жайлы жазды. Ал Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Тоқаев «Ресейдің Украинадағы соғыста жеңілмейтінін» айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды