Қол жетпес Қайрат Қожамжаров: күдікке іліккен көлеңкелер
Фото: inbusiness.kz
Қайрат Қожамжаров – бір кездері елдегі ең ықпалды құқық қорғау құрылымдарының тізгінін ұстаған тұлға. Қаржы полициясын, Бас прокуратураны, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті басқарды. Ал бүгінде оның бұрынғы серіктері мен сенімді адамдары тергеуге ілініп отыр.
Олар – Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев, арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы Олеся Кексель және бейресми ақпарат бойынша, Қаржы полициясының тергеу департаментін басқарған Бауыржан Мужиков.
Бұл мәселені Orda.kz зерделеп көрді.
Кімдер тергеуге алынды?
Талғат Татубаев. 48 жаста. Қарағандыда туған. Қызметтік жолын сол өңірде тергеуші болып бастап, басқарма басшысының орынбасарына дейін көтерілген. 2005 жылдан бастап елордаға ауысып, қаржы полициясында жоғары лауазымдарды атқарды. Сарапшылардың пікірінше, оның мансаптағы секірісі Қайрат Қожамжаровтың ықпалымен тікелей байланысты. Татубаев – «Қожамжаров тобының мүшесі» деген атауға ие болған.
Олеся Кексель – атышулы тұлға. Wikipedia мен Zakon.kz-те дерек болмаса да, Centrasia.org мәліметінше, 20 жасында Қаржы полициясы академиясын үздік бітіріп, тергеушіден бастап арнайы прокурорлар қызметінің басшысына дейін өскен. Ахметов, Досқалиев, Бишімбаев сынды саясаткерлерге қатысты істерді тергеген. Ел есінде – күмәнді тергеу амалдары мен күдіктілерге қысым жасалғаны туралы жиі айтылған оқиғалармен қалған.
2019 жылы оған қарсы «азаптау» бабымен іс қозғалған. Кәсіпкер Ерлан Нәбиев оған және әріптестеріне қысым көрсеткенін мәлімдеген. Алайда бұл істі Қожамжаровтың өзі жоққа шығарды. «Қылмыс құрамы болмағандықтан, іс жабылды», – деді ол сол кезде Сенаттың дәлізінде.
Бауыржан Мужиков – көпшілікке белгісіз тұлға. Алайда Orda.kz дереккөздері оның да тергеуге алынғанын айтады. Бұрынғы істерде оның аты Татьяна Пактың 2018 жылы Назарбаевқа жолдаған ашық хатында кездеседі. Сол хатта «Алма ТВ», RBK банкі және Жомарт Ертаев аты аталған.
Elmedia Қожамжаровқа жақын саналатын Талғат Махатовтың сотталғанын хабарлады. Ол соңғы бір жыл ішінде үшінші рет сотталып отыр: бұл жолы алаяқтық, заңсыз қару сақтау және билік өкілдеріне қысым көрсету баптары бойынша 11 жылға кесілген. Махатовты да Қожамжаровтың «сенімді адамы» деп санайды.
Қожамжаровтың өзі қайда?
2023 жылдың қарашасында елордада Болат Назарбаевтың жаназасына қатысқан. Сол күні оны Нұртай Абыкаев, Қайрат Мами, Тимур Құлыбаев секілді элитаның серкелерімен бірге көрген. Жақын туыс болмаса да, ол ортаға енді. Кей деректерге қарағанда, Қожамжаров Елбасы әулетіне енуге бар күшін салған. Ал оны Нұрсұлтан Назарбаевпен кезінде Кәрім Мәсімов таныстырған дейді білетіндер.
Оның «қол тигізбейтін» адам екені көптен бері айтылып келеді. «Қорғас ісі» кезінде де, басқа да күмәнді жағдайларда аман шықты. Telegram-дағы ҰҚК-ге жақын «Нұрсұлтанский соловей» арнасы Қожамжаровтың элитаға қатысты деректер жинап, сол арқылы өзіне иммунитет жасап алғанын жазған. Бұл – Рахат Әлиевтің де қолынан келмеген әрекет.
Тағы бір нұсқа – Қожамжаровқа Ресей ықпалы. Ленинград университетінде заң факультетінде бірге оқыған курстасы – Ресейдің экс-президенті мен қазіргі Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев. Бұл достық Қожамжаровқа халықаралық деңгейде де қалқан болуы мүмкін.
Бүгінде тергеу органдары Қожамжаровтың маңындағы адамдар арқылы өзіне жақындауға тырысуда. Бұл әрекеттің нәтижелі боларын – алда келе жатқан уақыттың таразысы көрсетеді. Әйткенмен, ең бастысы – құқық қорғау жүйесі баяғының бұралаң соқпағына түсіп кетпей, азап пен зорлықты қайта тірілтіп алмауы керек.
Жаңалықтар
- Ауғанстанда су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапты
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды