Көл сарқынды сулар кәрізіне айналды: Алматы әкімдігі апатты су қоймасының тағдыры туралы айтты
Фото: Elements.envato.com
Алматы әкімдігі 5 шілдеде депутат Ермұрат Бәпимен өткен кездесуде қаланың осы бөлігіндегі жасанды көл іс жүзінде сарқындыға айналғанын айтып шағымданған Қарасу шағын ауданы тұрғындарының мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz редакциясына түскен әкімдік хабарламасында айтылғандай, өткен жылы қалалық экология басқармасы мердігер компаниямен 525,2 миллион теңгеге келісім-шарт жасасып, оның шарты бойынша үш су қоймасы – Сайран су қоймасы, Әуежай, Қарасу шағын ауданындағы көл мен тоған – алғаш рет тазартылып, ретке келтірілмек. Келісімшартты «Tolagai -2050» ЖШС жүргізеді.
«Қазіргі таңда Қарасу көлінің түбін қоқыс пен шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін. Мердігер мекеме су айдынының ішіне арнайы техникалар үшін уақытша бөгет жолын салған. Көлді тазарту жұмыстары аяқталған соң қалдықтар мен шөгінділер де сыртқа шығарылады» деп уәде берді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала билігі көлді тазартудың егжей-тегжейлі жобасы Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясымен 2022 жылдың сәуір айында келісілгенін түсіндірді. Су қоймасының түбі өте батпақты болғандықтан, жұмыс үшін жобада ескерілмеген уақытша жолды пайдалану қажет болды. Сонымен қатар, лайдың қалыңдығы бастапқыда күткеннен үш-төрт есеге (30 см орнына 100-120 см) артық болып шыққандықтан, түбін тазарту кешіктірілді. Қазан айында жұмысты тоқтатуға тура келді, бұл тұрғындардың наразылығын тудырды. Бірақ тамыздың соңына дейін әкімдік тазарту жұмыстары аяқталуға тиіс деп уәде берді.
Шілденің 5-і күні депутат Ермұрат Бәпимен кездесуде тұрғындар Алматыдағы «Қарасу» ықшамауданында жергілікті биліктің ойланбаған игерілу мен салғырттығынан жергілікті көл іс жүзінде септикке айналғанын айтып шағымданды. Алматылықтар шенеуніктердің көлді сақтап қалуға жеткілікті әрекет етпеуінен ол ақыры батпаққа айналып, Қарасу ықшамауданындағы үйлерді су басады деп қауіптенеді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды