Көксу өзеніне құлап кеткен ер адамның денесі табылды
Фото: Бейнеден кадр
Жетісуда өзенге құлап, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кербұлақ ауданындағы Көксу өзеніне құлап, жоғалған ер адамды Жетісу ТЖД құтқарушылары тапты. Марқұмның денесі бүгін, 15 мамырда ағыс бойымен 15 шақырым төмен жерден табылды. 36 жастағы ер адамның денесі полицияға тапсырылып, сараптама тағайындалды.
«ТЖД, орман күзеті күштері, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және қорғаныс министрлігінің бөлімше қызметкерлері ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Барлығы 98 адам мен 22 техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар жұмылдырылды», деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД.
Айта кетейік, 10 мамыр күні ер адам тартылған темір арқан арқылы өзеннен өтпек болған сәтінде, тепе-теңдігін жоғалтып өзенге құлап кетеді.
Жаңалықтар
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат