«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс
Коллжа: Orda.kz
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында көкпардан кейін қантөгіс болды. 15-20 шақты адам ағалы-інілі екі азаматты әкесімен қоса сабап кеткен. Топтасып қаруланып келіп, желкесіне пышақ сұғып, ұрып-соғып кеткендерге қатысты қылмыстық іс неге ұзаққа созылды?
Orda.kz жәбірленуші мен адвокаттан сұмдық жағдайдың мән-жайын сұрастырды.
Жәбірленуші Элмурад Полатовтың айтуынша, оқиға өткен жылдың қаңтарында көкпардан кейін болмашы бір сылтаудан басталған. Қарабұлақ ауылында тұратын бір топ жігіт оның інісін, өзін және әкесін жабылып ұрып кеткен.
Полатовтың сөзінше, бір топ адам әуелі інісі мен ер адамның әкесі шабуыл жасап, көлікке күштеп салып жатқан. Сол сәтте Полатов пен әкесі сыртқа шығып, жағдайды тоқтатуға тырысып, кешірім сұраған. Екі тарап татуласып, оқиға сол жерде аяқталғандай болған. Алайда, жарты сағаттан соң Полатов отбасымен бірге үйінде шай ішіп отырған кезде, әлгі ер адамның баласы тағы бір топ жігітпен келіп, төбелес бастаған. Оның айтуынша, жігіт: «Сенің інің менің әкемді боқтап, балағаттады» деп інісіне шапқан. Сол жерде жиналған 20 шақты адамның қолында дубинка, таяқ және басқа да заттар болған.
«Біз аулаға шыққанда олар бір ауыз сөзге де келмеді. Інім мен әкем үшеумізге жан-жақтан бас салып қолдарындағы қаруларымен ұра бастады. Қолдарында пышақ та болды. Сол арада біреуі мені ұстап алып, желке тұсыма пышақтың ұшын кіргізді. Арт жақта біреу: «Бауызда, сой, өлтір» деп айқайлады. Сол кезде мен басымды тартып қалғанда пышақ менің иегімді тіліп кетті. Оған қоса басқа да көптеген дене жарақаттарыммен қоса мұрным да сынды. Ақыры мені ұруын қоймаған соң, көршім «мені өлтіріп алады» деп қорқып, алып кетті. Үйіне апарып тығып қойды. Сонда да әлгілер көшені аралап, «өлтіреміз» деп іздеді», – дейді Полатов.


Жәбірленушінің айтуынша, оқиға орнынан жедел-жәрдемді осы досы шақырған екен. Сол жерде Елмурад Полатов қана емес, інісі мен әкесі де өте көп дене жарақаттарын алған. Бастапқыда Сайрам аудандық полиция департаментінде 107—баптың 2-тармағымен, яғни «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» және адамдар тобы, «алдын ала сөз байласу» арқылы келген деп іс қозғалады. Ал қазір 108-баптың 1-бөлігімен «денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салу» бабымен іс жалғасып жатыр. Баптың ауысып кетуі сраптама қортындысына байланысты екен. Оған қоса, қаңтарда болған оқиға әлі күнге созылып келеді. Іс бір-екі рет қысқарған екен.
Алайда, Orda.kz тілшісіне жәбірленушінің адвокаты Нұртуған Өмірзақ: «іс қысқармаған да болуы мүмкін, тек олар бұны созбалаққа салып келеді» деп айтты. Қазіргі таңда Полатовтың айтуынша, тергеуші: «егер кешірім бермесең, өзіңе де сол бап бойынша іс қозғап соттаймыз әрі сенің сотың бірінші болады» деп айтқан екен.
Адвокаттың айтуынша, іс кем дегенде «бұзақылық» бабы бойынша өтуі керек. Себебі пышақпен, дубинкамен арнайы келісіп дайындалып келуі, оқиға орнында асқан менмендікпен көшеде жәбірленушіні сүйрегені және ұрғаны бар.
«Басында 107—баптың 2-тармағымен, яғни «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» және адамдар тобы, «алдын ала сөз байласу» арқылы келген деп іс қозғалады. Артынша 108-бап бойынша, яғни «денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабымен қаралып жатыр екен. Медициналық сараптама Полатовқа алған жарақаты жеңіл дейді де, ал ұрған кісіге ештеңе болмаған деп сараптаманы жазып берген. Сонымен қатар, бұл жерде Элмурадтан басқа жәбірленуші ретінде інісі де іске тіркелуі керек еді. Алайда, тергеуші сол жерде жүрген 20 шақты адамды да теркемеген. Тек іске әлгі төбелесті бастаған адам мен бірге тағы бір тұлға ғана тіркеген. Оған қоса істе қозғалып отырған бапты та негізсіз деп санаймын. Бұл жерде екеуі жәй ғана үйде отырып, артынша ерегісіп, төбелесіп кеткендей қылып көрсеткісі келеді», – деді адвокат
Сондай-ақ, Полатовтың айтуынша, тергеуде оған қысым көрсетіліп, төбелесті өзі бастады деп жаздырған.
Сонымен қатар, басында ешбір жарақаты болмаған шабулдаған ер адам арада үш ай өткен соң дене жарақаттары болды деп медициналық сараптама жасап алған.
«Қазір тергеуші маған егер кешірім беріп, медиацияға бармасаң, өзіңе де іс қозғаймыз деді. Ал әлгі мені ұрған кісі сенен кешірім де сұрамаймын, сотталсақ бірге сотталамыз деп айтты маған. Қазіргі таңда сол кезде басымнан алған жарақатымнан есте сақтау қабілетім нашарлады. Жұмысымнан да шығып кеттім», – деді жәбірленуші.
Orda.kz оқиғаның қазіргі барысын анықтау үшін Түркістан облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдадық.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тараптардың дәлелдері зерттелуде. Тергеу нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданатын болады. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды», – делінген департаментің баспасөз қызметі түсіндірмесінде.
Редакция жағдайды бақылауда ұстап отыр және жаңа мәліметтер пайда болған жағдайда қосымша ақпаратпен бөлісетін болады.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?