Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді

cover Фото: world nomad games

Биылғы көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді. Оған он елдің ұлттық құрамасы қатысады. Қазақстан құрамасы жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Турнир қожайындары әрі басты фавориттер сапына Жамбыл және Түркістан облыстарының көкпаршылары енді.

Жүлде қоры 30 млн теңге болатын жарыс 16 наурыз күні топтық кезеңнен басталады. Финалдық кездесу Наурыз мерекесі басталатын күнге – 21 наурызға жоспарланған.

Көкпардан 2026 жылғы әлем чемпионатына он елдің ұлттық құрамалары қатысады. Жарыс Дүниежүзілік «Көкпар» қауымдастығы бекіткен ережелер бойынша өтеді, ал төрешілер алқасын осы ұйым іріктеген.

Қазақстан құрамасы сапына танымал көкпаршылар – Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы), Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы), Асылжан Мамыт (Түркістан облысы) және Нұрислам Төлеп (Түркістан облысы) енді.

16 наурызда топтық ойындар басталып, финал 21 наурызға жоспарланған. Әлемдік біріншіліктің жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге.

Алғашқы көкпардан әлем чемпионаты 2017 жылы Астанада өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылып, онда Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін қазақтың көкпары Қырғызстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасына енгізілгені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар