Павлодар қаласының әкімдігі көкпар тарту үшін 13,5 миллион теңгеге жылқыларды жалға алған
Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт орталығы көкпар мен аударыспақ ойнау үшін 12 бас жылқыны жалға алуға 13 млн 510 мың теңге бюджет қаражатын жұмсамақ болған. Бұл ақшаның нақты неге жұмсалатынын Orda.kz. тілшісі анықтап көрді.
Көкпар – түркі халықтарының көне ат үсті ойындарының бірі. Ойын шарты бойынша көкпаршылар орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының «отауына» жеткізуге тырысады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз «отауға» көп тастаса, сол жеңіске жетеді. «Аударыспақ» ойынына екі немесе одан да көп салт аттылар қатысады. Ойын барысында бір-бірінің қолдарынан ұстап аттан түсіруге тырысады.
Бір қызығы, әкімдік жылқыларды сатып алмай, тек сәуірден қазанға дейін жалға алады екен.
Қазақстандық сауда алаңдарында айғырдың орташа құны 400-500 мың теңге. Дегенмен есептеп қарасаңыз жануарларды сатып алу құны жалға алумен бірдей болар еді, одан аз болуы да мүмкін.
Тиісті лот 3 мамырда мемлекеттік сатып алулар сайтында орналастырылды. Жарыстың аяқталуы 12 мамырға жоспарланған.
Лотта көкпар мен аударыспақ ойнау үшін бірнеше талаптарды қанағаттандыратын асыл тұқымды айғырлар қажет екені көрсетілген. Тапсырыс беруші жылқылардың жасын және олардың физикалық сипаттамаларын суреттеген:
1. Жасы – 7-8 жас.
2. Жануар спорттық дене бітімде болуы керек.
3. Жылқылардың денсаулық жағдайын растайтын ветеринарлық құжаттары болуы, сонымен қатар олар микрочиптелуі тиіс.
Сондай ақ, жануарлардың ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстарға қатысу тәжірибесі де талап етіледі. Жылқының жынысы, туған жылы, түсі және лақап аты көрсетілген суреті бар төлқұжаты болуы керек.
Үйір-үйір жылқыдан бөлек, әкімдік мал иесінен ат әбзелдерін: бас бау, ер-тоқым, аршымақ пен сұмын, екі қапшық – алдыңғы және артқы, сондай-ақ жылқы күтіміне арналған заттарды қамтамасыз етуді талап етеді.
«Жаттығу кезінде жылқы жарақаттанған немесе өлген жағдайда тапсырыс беруші жауап бермейді, сонымен қатар мердігер басқа балама атты дереу беруге міндетті» делінген лоттың техникалық сипаттамасында.
Жылқылардың иесі алты ай ішінде оларды азықпен қамтамасыз етуге міндетті. Азықтар зауытта жасалған арнайы ыдыстармен жеткізілуі керек, ыдыстар стандартқа сәйкес болуы керек.
Мал азығын жеткізу аптасына 3-4 рет орындалады, оны тасымалдау, түсіру және сақтау табын иесінің мойнына жүктеледі. Әкімдік, өз кезегінде, мамандандырылған ұйымдарда және тағы да жеткізуші есебінен мал азығы үлгілеріне сараптама жүргізуді талап етуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген шарттардан басқа, жеткізушінің меншігінде жануарларға арналған азықтарды орналастырып, сақтайтын қоймасы болуы керек. Жылқыларды кең қораларда ұстау керек және ондай жағдайды жылқылардың иесі қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, оқу сабақтарын өткізуге арналған ашық алаң, теориялық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған оқу-әдістемелік сыныбы, фельдшерлік-акушерлік пункт, душ және дәретханасы бар жайлы киім ауыстыратын бөлмелер, спорттық құрал-жабдықтарды сақтауға арналған қойма болуы тиіс. Табынның жай-күйін фермер мен мал дәрігері бақылап отырады.
Павлодар әкімдігі Orda.kz. тілшісіне хабарлағандай, аударыспақ пен көкпардан секциялар 2020 жылы ашылған. Жылқылар үш жылдан бері жалға алынып келеді.
Жыл сайын ұлттық спортқа қызығушылық артып, қазір бұл секцияларға 200 бала қатысуда. Осыған байланысты қала басшылығы аударыспақ ойнауға төрт, көкпарға сегіз атты жалға алуды ұйғарған.
«Бұл сұраныстың басты себебі - ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін дене дайындығын сақтау және бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру. Жаттығу процестері мен жарыстарға қатысу үшін жылқылар жалға алынады. Бұл қазақстандық спортты дамытудың басты бағыттарының бірі – ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Жылқылар жыл сайын сәуірден қазанға дейін жалға алынады. Биылғы жылы жылқыларды жалға алу осы мерзімге жоспарланған. Алайда бірінші жарыс өтпей қалды. Қазіргі уақытта қайталама конкурстық рәсімдер жүргізілуде», - деп хабарлады Orda.kz. тілішісіне департамент.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық