Көк түтінге оранған Атырау: Халық үш күн бойы тұншығып отыр
Фото: ТЖД / бейнежазбадан кадр
Атырау қаласы үш күн қатарынан қою түтіннің астында қалды. Қала аумағын көмкерген ыс пен күйік иісі ауада анық сезіледі. Жағдай ушығып тұр. Экологтардың мәліметінше, ауадағы зиянды заттардың концентрациясы қалыпты деңгейден 11 есе жоғары, деп жазады Orda.kz.
Қолайсыз ахуал «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыс өртімен байланысты. Өрт ауыздықталғанымен, жанып жатқан қамыс шоғы әлі сөнген жоқ.
«Тұншығып отырмыз, басымыз ауырады, балалар жөтеліп жатыр. Бұл жай ғана жайсыздық емес, денсаулығымызға тікелей қауіп. Ең сорақысы — ешкім бұл қашан бітетінін түсіндірмейді», — дейді Атырау тұрғыны Айгүл Серікова.
Күйік иісін ұзақ уақыт бойы жұту бас ауруын, жүрек айнуды, тыныс жолдарының тітіркенуін тудыруы мүмкін. Ал егер ауадағы уытты заттар мөлшері шамадан тыс артса, адам тіпті есінен танып қалуы ықтимал.
Әлеуметтік желі қолданушылары жергілікті билікті төтенше жағдай жариялауға, мектептер мен балабақшаларды уақытша жабуға шақырып жатыр. Алайда әзірге дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметі тек тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?