Қоғамдық қорғаушылар тергеу изоляторларына телефон алып өтпек болды

cover Сурет: polisia.kz

Республиканың екі тергеу изоляторында ұялы телефон алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар ұсталды.

5 ақпанда Астананың тергеу изоляторында жедел бөлімнің қызметкерлері фронт-офис кабинетіндегі бейнебақылауды арқылы қоғамдық қорғаушының ұялы телефонды, құлаққапты, екі SIM-картаны және қуаттағышты сотталғанға бергенін анықтады.

Сол күні Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде қызметкерлер қоғамдық қорғаушыны тексерген кезде аяқ киімінен телефон мен SIM-карта тапты. Ер адам тергеу қамауына алынған туысына тыйым салынған затты беруді жоспарлаған.

Мобильді құрылғылар мен басқа да заттар тәркіленді. Қоғамдық қорғаушыларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды. Сондай-ақ сотталғандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін хаттама толтырылды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар